Жұма, 03.05.2024, 11:35
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 197



Баяндамалар

А.Байтұрсынов атындағы№20 мектеп психологі:
Серикбева Маржан Нугумановна

  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша мониторинг жүйесі.

 16.02.2011ж. «Білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектілік мәселелерін зерттеу бойынша ТЭЖ қалыптастыру кезеңі барысына бақылау жүргізу тәжірибесінен» қазақ тілінде оқитын және аралас мектептердің қазақ бөлімдерінің оқу ісінің меңгерушілерінің әдістемелік кеңесіндегі ұсыныстарды басшылыққа ала отырып мектеп ұжымы әдістемелік кеңесте берілген  «Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша мониторинг жүйесі» ұсынысы бойынша жұмысты ұйымдастырып жүргізудеміз.

                                                                                                                                
ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ    


А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің ағылшын пәні мұғаламі
Слямжанова А.У.

ОРТА БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ІЗДЕНІС ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

"Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ       

Суймханова Н.С.
А.Байтұрсынов атындағы  №20 орта мектебінің
жанынан ашылған«Жауқазын» шағын орталығы

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де,  жоғары саналы азамат ретінде қалыптастыратын да балабақша мекемелері. Еліміз егеменді мемлекет болып құрылғалы  көптеген құжаттар қабылданды, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласы да назардан тыс қалған жоқ: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Білім туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары» Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы», т.б.

                                                                                                                        ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ


А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебінің тарих пәні мұғалімі:
Бейсенбеков Ж.С

Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер

Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Әр елге байланысты ұғымдар туралы толық мағлұмат алу үшін, алған білімдерін тереңдету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру.

                                                                                                                        ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ


Мухаметолдина Н.С.
 мектепалды даярлық сынып мұғалімі  
А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебі.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны мектепке дейінгі кезеңнен қалыптастыру бүгінгі таңғы өзекті мәселелері болып отыр. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.

                                                                                                                                  ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ


А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебінің еңбек пәні мұғалімі
Дарбаев Акылбек Бейсенбович
ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ОРНЫ

      Баяндама мақсаты –«Функционалдық біліктілік» туралы жас жеткіншектерге тусіндіре отырып, тәжірибе барысында қолдана білу қабілеттерін жетілдіру. Моделдік («қандай болуы керек»)және шынайы(«оның қандай болуы»). Іс-әрекетің нәтижесінде функционалдық біліктіліктің бірігуі және қалыптасу нәтижесі. Функционалдық-бір нәрсенің қасиеттеріне байланысы жоқ, тек атқарылатын қызметіне сәйкес ғылыми еңбек.

                                                                                                                                 ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ



Өскемен қаласындағы № 20 А.Байтұрсынов атындағы
мектептің «Шаңырақ» достық клубының төрағасы,
тарих пәніннің мұғалімі Масалимов Мейрамхан Рахметоллаұлы
 
БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ!

Бүгінгі күні әрбір қазақстандық, әрбір мекеме, еңбек ұжымдары еліміздің басты мерекесі еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын зор өрлеу үстінде қарсы алуда. Бұл бейбітшілік пен келісім, жасампаздықтың жиырма жылы. Еліміз 20 жылда ғасырға бергісіз үлкен асуларды бағындырды. Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы тоқыраған, әлеуметтік хал-ахуалы төмен, көп ұлтты елден экономикасы өрлеген, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға қол жеткізген, әлемге әйгілі, елу дамыған мемлекеттер қатарына еңселі тәуелсіз елге, шаңырағы биік  Ордаға айналдық. Қазақстанның даму ерекшелігі, қол жеткізген табыстары бүгінгі күнде бүкіл дүние жүзі елдеріне үлгі болуда.


                                                                                                                              ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ







Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2024
Бесплатный хостинг uCoz