Жұма, 03.05.2024, 13:00
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 197



Психологиялық кеңестер

   Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі  бір түрі психологиялық консультация болып табылады.  Психологиялық консультация ресми емес формада – достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда – емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден – ақ белді орын алады.  Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдісін жүйелеп сипаттаумен анықталады. Мұнда, психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырылады. Психологиялық консультация жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш-қуаты мен қабілеті актуализацияланады.

   Қазіргі кезде консультация психологиялық білімді қажет ететін қай салада болмасын әсер етудің бір формасы ретінде қолданылады. Консультациялық іс-әрекет кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, менеджменттік, әлеуметтік сан салаларда жүзеге асырылады. Бұл салалардың қайсысында да жанұя мен  жеке  бас мәселелері бойынша  көмек қажет болғанда психологиялық консультация жүргізіледі. «Консультация» ұғымы  бірнеше  мәнге  ие болады. Бұл маманның кеңесі, қандай да кеңес беру функциясын жүзеге асыратын мекеме, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, қарым-қатынас үрдісінде жақын-туыстардың, дос – жарандардың және т.б. бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Ал психолог кеңесі – нақты бір жағдайлардағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп те түсіндіріледі.

Консультация

А) ағартушы, білім беруші

Ә) қолдаушы

Б) жағдайға байланысты

В) мәселені шешуге бағытталған

Г) санаға негізделген

Ғ) «Қалыпты» дамуға бағытталған.

       Психологиялық консультация теориялары мен тәжірибелерін талдай отырып, психологиялық консультацияны психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да бір жағдайларда мінез-құлық, жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп қарастырамыз.

       Консультация барасында клиент жағдайды кең көлемде қарастыруға мүмкіндік алады; сол жағдайдағы өз рөлін аңғарып, бағалайды;  жағдайды, басқа адамдарды және өзін жайлы  өзгеше қабылдау түсінік пайда  болады. Осыған сәйкес клиент өз қатынасын және өз мінез-құлқын, жүріс – тұрысын өзгерту мүмкіндігіне ие болады.

         Психологиялық консультация көбінесе қысқа мерзімді болады. Әлбетте, клиентпен 1 кездесуден 6 кездесуге дейін, ал өте сирек жағдайларда  ғана бұдан артық кездесулер жоспарланады. Психотерапия үрдісі әлдеқайда ұзақ  мерзімге – ондаған, тіпті жылдар бойы жүздеген кездесулерге созуға негізделеді. Көбінесе психологиялық консультация әлдеқайда ұзақ та, терең психотерапиялық жұмыстың өзіндік бір баспалдағы, алғашқы қадамы болады. Консультацияға келген адамда әр түрлі сәтсіздіктердегі өз рөлі жайлы жаңаша бір түсініктер пайда болып, өзіне пәрменді психологиялық көмекті қажет етіп, психологпен кездесулер санын арттыру керек екендігін түсінетін жағдайлар да болады.  Психологиялық консультация  жеке  адамдардың сұранысы бойынша және психологтың қолданған әдісіне байланысты болады.

Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2024
Бесплатный хостинг uCoz