Жұма, 03.05.2024, 08:04
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 197



ӘПҚ жоспары

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының жоспары

2012-2013 оқу жылы

 

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының мақсаты:

  • Оқушылардың әлеуметтік сараптамасын жасау.
  • Оқушылардың әлеуметтік мәселелерін қарастыратын комиссия құру

 

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының міндеттері:

  • Аз қамтылған, қамқорлыққа алынған, оралман, қиын сәттерге кездескен оқушыларға көмек көрсету.
  • «Қауіпті топқа» жататын оқушылармен жеке жұмыстардың тиімді амалдарын қолдану.
  • «Қауіпті топқа» жататын оқушыларды дер кезінде анықтап, мектепішілік есепке алынатын балалардың картасын жасау.
  • Оқушылардың бос уақытын үйірмелермен қамтамасыз етілуін қадағалау.
  • Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жайын анықтау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Оқушылардың сабаққа қатынасын бақылау, себепсіз сабақ босатқандармен жүйелі жұмыс атқару.
  • Баланың тұлғалық қалыптасуына, сапалы білім алуына жағдай жасау.
  • ҚР Конституциясымен кепілдендірілген негізгі бала  құқығы мен мүдессін іске асыруына пайда болатын қарым-қатынасты реттеу, балаларды қоғамдағы сапалы өмірге дайындау басымдылық принциптеріне белсенділіктерін және қоғамдық маңызын дамыту.
  • Әлеуметтік нашар жікті отбасыларының портретін жасау жұмысын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің жоспарын жасау.

Мектепішілік әлеуметтік- психологиялық қызмет (ӘПҚ)   жұмысының мазмұны:

  • құқық бұзушылықтың алдын алу;
    қауіпті топ балаларының тәртібін түзету.
  • өмірлік қиындыққа тап болған оқушылармен жұмыс

Мектепішілік әлеуметтік-психологиялық қызмет (ӘПҚ)

  жұмысының сатылары

1. Тәртіп бұзуға бейім және үлгермеуші оқушыларды анықтау

- сынып жетекші, пен мұғалімдері, ата-аналармен кеңес;
- баланы табиғи жағдайда бақылау;
- басқа мекемелерден баланың денсаулығы туралы мәлімет жинау (қажет болса);
- өздік-диагностикалық шаралар қолдану;
- алған мәліметтерді және диагностикаларды қортындылау.

Мақсаты:

·  осы кездегі жағымсыз жағдайлар мен әсерлерді анықтау;
·  бала өзі күресе алатын жағымсыз жағдайларды  анықтау.    

2.       Тәртібінің және адамгершілік  дамуының ауытқып кету себептерін анықтау, сонымен қатар тәрбиеге көнбейтін оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін  зерттеу.

· Баланың жеке-типологиялық ерекшеліктері.
· Мінез ерекшеліктері.
· Тұлғааралық қарым-қатынас  түрі.
· Ерік-сезім ерекшеліктері.
· Өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.

Мақсаты:

· баланың өздік дамуындағы және тәртібіндегі  ауытқулардың негізгі себептерін анықтау;
· баланың жақсы қасиеттерін дамытуға негіз болатын жағымды жақтарын анықтау.

3. Қауіпті топқа анықталған балаларға  психологиялық түзету жоспарын құру және тәртібіндегі ауытқушылықтың себептерін жою.

· Баланың мотивациялық қабатын түзету және дамыту;
·  Оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасын түзету, қарым-қатынас түрлерін кеңейте отырып, топпен тығыз қарым-қатынасқа түсу қабілеттерін дамыту;
· Ішкі қарсылықтардың төмендеуі.

Мақсаты:

· Баланы өз қобалжуларына оң қарауға баулу, ерік пен сезімін қадағалай білу, әрекеттерінің нақты себептерін талқылай алу;
· Өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін, қабілетін бағалай білу;
·  Басқаны түсініп тыңдай білу.

4. Диагностикалық мәліметтерге негізделген істерге оқушылардың көмегі.

· Балалардың қабілеттерін, қызығушылықтарын зерттеу;
· Мұғалімдерге,  ата-аналарға , оқушыларға  олардың дамуындағы икемделегі  жайлы ұсыныс беру;
· Пән мұғалімдеріне оқушылардың қабілеті туралы кеңес.

Мақсаты:

· Оқушылардың әр саладағы қабілетін анықтау;
· Қауіпті топ балаларын спорт секцияларына, үйірмелерге, мектепішілік өмірге қатыстыру.

5. Ұстаздар мен ата-аналардың психологиялық құзырлығын көтеру, қауіпті топ оқушыларының құқық бұзушылығының алдын -алу  факторы болып табылады.

· Әңгіме, кеңес,  дәрістер өткізу;
· Ата-ана мен мұғалімдерге  баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізуге ұсыныстар жасау;
· Қалалық дәрігерлік мекеме мамандарын  жұтысқа тарту;
· Мектепішілік әлеуметтік психологиялық қызмет (ӘПҚ)  туралы ата-аналарды  жиі ақпараттандыру.


Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2024
Бесплатный хостинг uCoz