Жұма, 03.05.2024, 12:39
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 197



Сынып жетекшілерге

Сынып жетекшінің міндеттері

I.  Сынып ұжымының іс - әрекетін ұйымдастыру

1.Сынып жетекшінің журналын жүргізу.

2.Сынып ұжымын ұйымдастыру: тапсырмаларды бөліп беру, сынып белсенділерімен жұмыс, оқушылар кеңесіне сынып мүшелерін бағыттау, әрбір ұжымдық шығармашылық жұмысты дұрыс ұйымдастыру.

3. Мектеп бойынша сынып кезекшілігін және асханадағы кезекшілікті ұйымдастыру.

4. Бекітілген сынып бөлмесінің санитарлық күйін қадағалау

5. Оқушылардың сырт көрінісіне мән беру. Яғни, мектеп бойынша белгіленген оқушы формасын сақтауды қадағалау.

6. Тамақтануды ұйымдастыру.

8. Жағымсыз лидерлерді айқындауға  диагностикалық зерттеу жүргізу және оның әсерін жою, сондай-ақ оның бағытының мүмкіндіктерін қарастыру.

9. Жағымды лидерлерді, үздік оқушыларды анықтау, олардың беделін көтеру, тұлғалық сапаларын даралап көрсету.

10. Оқушылардың қабілетіне қарай сынып белсенділерін анықтау, жоспарлы ұйымдастыру

11. Сынып оқушыларын күнделікті сабаққа кешікпей келуін, сабақ аяғына дейін толық қатысуын қадағалау.

II. Жекелеген оқушылар мен сынып ұжымының оқу еңбегін ұйымдастыру.

1. Сабаққа қатысуды қатаң бақылау. Сынып жетекші әрбір     оқушының себепсіз босатқан әр сабағы үшін жауапты.

2. Сырқаттанған, көп сабақ босатқан  оқушыларға қамқорлық жасау,   оқуда үлгеруіне, достарының көңіл бөлуіне көмектесу.

3. Оқушылардың күнделігімен жұмыс, олардың үлгеріміне байланысты ата – аналармен байланыс орнату.

3. Дарынды балалардың дамуына қолайлы жағдай туғызу, қызуғушылықтарын дамыту,таным өрістерін кеңейту үшін үйірмелер, факультативтер, байқаулар, ауызша журнал, экскурсия, көрмелерді аралау, саяхаттар, т.с.с., ұйымдастыру.

 III. Сынып ұжымының оқудан тыс өмірін ұйымдастыру.

1. Оқушының жауапкершілігін жетілдіру.

2. Саяхаттар арқылы дене шынықтыру, спорт жұмыстарына тарту,   денсаулықтарын қорғау. Спорттық жарыстар, ойындар мен жорықтарды ұйымдастыру.

3. Айына бір рет міндетті түрде тақырыптық тәрбие сағатын ұйымдастыру. Тәрбие сағаттары терең мәнді, қызықты формада болуы шарт.

4. Сынып оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуін қадағалау.

 IV. Мектеп психологымен жұмыс.

1. Осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер және ата – аналар пікірлерін есепке ала отырып, мектеп психологының қолданыстағы әдістерімен оқушының тұлғасын зерттеу.

2. Мінез- құлқының ерекшеліктерін ескеру.

3. Адамгершілік – жыныстық мәдениетін тәрбиелеу.

4. Эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

5. Еңбек дағдыларын қалыптастыру және еңбекке деген жауапкершілігін тәрбиелеу.

6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

7. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын сіңіру.

8. Психологпен бірлесе, қарым – қатынаста қиналатын балаларға моральдық көмек беру.

 V. Ата – аналармен жұмыс.

1. Әр тоқсан сайын ата – аналар жиналысын өткізу.

2. Отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеу.

3. Ата  -аналармен жеке жұмыс жүргізу.

4. Сынып ұжымының жұмысымен ата –аналарды байланыстыру.

5. Оқушылардың ата – аналармен қарым – қатынасына әсер ету.

Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2024
Бесплатный хостинг uCoz