Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
Өскемен қаласы әкімдігінің "А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
Өскемен қаласы әкімдігінің "А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
Оқу -тәрбие үрдісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Ең үлкен бақыт - тәуелсіз Отанымыз! Ал осы Отанымыздың іргесі берік, тұғыры мықты болуы - білімді ұрпақ қолында. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне бей - жай қарамай, барлығымыз да үлесімізді қосайық. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ", - деп бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. Көкейде жүрген ойыңыз, өзіңізді алаңдатып жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!
Мектеп сайтын жасаудағы басты мақсат – мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу. Электронды оқыту E-Learning бағдарламасын қолдану аясын кеңейту.