Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының жоспары
2012-2013 оқу жылы
Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының мақсаты:
- Оқушылардың әлеуметтік сараптамасын жасау.
- Оқушылардың әлеуметтік мәселелерін қарастыратын комиссия құру
Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының міндеттері:
- Аз қамтылған, қамқорлыққа алынған, оралман, қиын сәттерге кездескен оқушыларға көмек көрсету.
- «Қауіпті топқа» жататын оқушылармен жеке жұмыстардың тиімді амалдарын қолдану.
- «Қауіпті топқа» жататын оқушыларды дер кезінде анықтап, мектепішілік есепке алынатын балалардың картасын жасау.
- Оқушылардың бос уақытын үйірмелермен қамтамасыз етілуін қадағалау.
- Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жайын анықтау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқушылардың сабаққа қатынасын бақылау, себепсіз сабақ босатқандармен жүйелі жұмыс атқару.
- Баланың тұлғалық қалыптасуына, сапалы білім алуына жағдай жасау.
- ҚР Конституциясымен кепілдендірілген негізгі бала құқығы мен мүдессін іске асыруына пайда болатын қарым-қатынасты реттеу, балаларды қоғамдағы сапалы өмірге дайындау басымдылық принциптеріне белсенділіктерін және қоғамдық маңызын дамыту.
- Әлеуметтік нашар жікті отбасыларының портретін жасау жұмысын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің жоспарын жасау.
Мектепішілік әлеуметтік- психологиялық қызмет (ӘПҚ) жұмысының мазмұны:
- құқық
бұзушылықтың алдын алу;
қауіпті топ балаларының тәртібін түзету. - өмірлік қиындыққа тап болған оқушылармен жұмыс
Мектепішілік әлеуметтік-психологиялық қызмет (ӘПҚ)
жұмысының сатылары
1. Тәртіп бұзуға бейім және үлгермеуші оқушыларды анықтау
-
сынып жетекші, пен мұғалімдері, ата-аналармен кеңес;
- баланы табиғи жағдайда бақылау;
- басқа мекемелерден баланың денсаулығы туралы мәлімет жинау (қажет болса);
- өздік-диагностикалық шаралар қолдану;
- алған мәліметтерді және диагностикаларды қортындылау.
Мақсаты:
· осы кездегі жағымсыз жағдайлар мен әсерлерді
анықтау;
· бала өзі күресе алатын жағымсыз жағдайларды анықтау.
2. Тәртібінің және адамгершілік дамуының ауытқып кету себептерін анықтау, сонымен қатар тәрбиеге көнбейтін оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
· Баланың
жеке-типологиялық ерекшеліктері.
· Мінез ерекшеліктері.
· Тұлғааралық қарым-қатынас түрі.
· Ерік-сезім ерекшеліктері.
· Өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.
Мақсаты:
· баланың
өздік дамуындағы және тәртібіндегі ауытқулардың негізгі себептерін
анықтау;
· баланың жақсы қасиеттерін дамытуға негіз болатын жағымды жақтарын
анықтау.
3. Қауіпті топқа анықталған балаларға психологиялық түзету жоспарын құру және тәртібіндегі ауытқушылықтың себептерін жою.
· Баланың
мотивациялық қабатын түзету және дамыту;
· Оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасын түзету, қарым-қатынас
түрлерін кеңейте отырып, топпен тығыз қарым-қатынасқа түсу қабілеттерін дамыту;
· Ішкі қарсылықтардың төмендеуі.
Мақсаты:
· Баланы
өз қобалжуларына оң қарауға баулу, ерік пен сезімін қадағалай білу,
әрекеттерінің нақты себептерін талқылай алу;
· Өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін, қабілетін бағалай білу;
· Басқаны түсініп тыңдай білу.
4. Диагностикалық мәліметтерге негізделген істерге оқушылардың көмегі.
· Балалардың
қабілеттерін, қызығушылықтарын зерттеу;
· Мұғалімдерге, ата-аналарға , оқушыларға олардың дамуындағы
икемделегі жайлы ұсыныс беру;
· Пән мұғалімдеріне оқушылардың қабілеті туралы кеңес.
Мақсаты:
· Оқушылардың
әр саладағы қабілетін анықтау;
· Қауіпті топ балаларын спорт секцияларына, үйірмелерге, мектепішілік
өмірге қатыстыру.
5. Ұстаздар мен ата-аналардың психологиялық құзырлығын көтеру, қауіпті топ оқушыларының құқық бұзушылығының алдын -алу факторы болып табылады.
· Ата-ана мен мұғалімдерге баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізуге ұсыныстар жасау;