Өзекті тақырыбы:
"Математика - жаратылыстану пәндері бойынша әр түрлі технологияларды қолдана отырып,
эстетикалық бағытта жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және шығармашылыққа баулу".
Бірлестік жұмысының мақсаты:
- математика, физика, информатика, биология,география, химия пәндерінен мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалау.
- оқушыларға білім беруде мемлекеттік Білім Заңын және Тіл Заңын басшылыққа алу.
- оқушыларға білім беруде жаңашыл, озық технологияларды кеңінен қолдану, қала мектептерімен тәжірибе алмасу.
- гуманитарлы- эстетикалық дамыту бағытындығы шараларды кеңінен өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға одан әрі баулу.
- ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.
- ұстаздардың кәсіби шеберліктерін ұштай түсуде өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын өрістету
- жеке оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы білім сапасына қол жеткізу.
Міндеттері:
- Қаланың, мектептің өзекті тақырыптарын басшылыққа ала отырып, бірлестік оқушылардың шығармашылық қалыптастыруға жағдай жасау.
- Пән апталықтарын, жаңашыл ашық сабақтарды тиімді өткізіп тұру.
- Пән мұғалімдері мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.
- Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мақсатында педситуация, тренингтер өткізу, семинарларға, іскерлік ойындарға қатысу.
- Пән кабинеттерінің оқу материалдық базасын нығайту.
- ҰБТ- ға, емтихан, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың дайындықты бақылау.
- Білім көрсеткіші төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың өтуін қадағалап отыру.
- Педагогикалық басылымдардағы озат іс- тәжірибелерді талдау, оқып үйрену.
- Бірлестік ұстаздарының тест жинақтарын, оқу- әдістемелік құралдарын немесе авторлық бағдарламаларын құрастырып, шығаруына ықпал ету.
Өткен оқу жылының қорытынды есебі
Бірлестік мүшелері жайында толық мағлұмат