Бірлестіктің өзекті тақырыбы:
«Пән сабақтастығы арқылы оқушылардың рухани және сөйлеу мәдениетін тереңдете отырып, заманға сай жеке тұлға ретінде құзіреттілігін қалыптастыру».
Мақсаты:
- Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих және құқық пәндерінен мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалау, қамтамасыз ету.
- Оқушыларға білім беруде мемлекеттік Білім Заңын және Тіл Заңын басшылыққа алу.
- Шәкірттердің ана тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ауызша сөйлеу мәдениетін арттыру.
- Қазақстан Республикасының тарихын, Ата Заңды жетік білуге бағытталған шараларды ұйымдастыру.
- Оқушыларға білім беруде
жаңашыл, озық технологияларды басшылыққа алу, қала, облыс мектептерінің озық
тәжірибесінен үйрену, тәжірибе алмасу;
- Шығармашылық жұмыстарды дамыту бағытындағы шараларды кеңінен өрістету арқылы шәкірт бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту.
- Дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға одан әрі баулу.
- Сыныптардың компьютермен толық қамтамасыз етілуіне орай, ақпараттық, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.
- Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін ұштай түсуде өз ара тәжірибе алмасу жұмыстарын өрістету.
- Жеке оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы білім сапасына қол жеткізу.
- ҰБТ және ОЖСБ сынақтарына сәйкес, оқушы білімін жетілдіре отырып, толық үлгерімге, білім сапасына қол жеткізу
Міндеттері:
- Қаланың, мектептің өзекті тақырыптарын басшылыққа ала отырып, бірлестік оқушылардың субьект ретіндегі білім кеңістігін қалыптастыруға жағдай жасау.
- Пән апталықтарын, жаңашыл ашық сабақтарды, ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстарды тиімді өткізіп тұру.
- Пән мұғалімдері мен ата - аналар арасындағы ынтымақтастықты, байланысты нығайту.
- Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мақсатында педситуация, тренингтер өткізу, семинарларға, іскерлік ойындарға қатысу.
- Пән кабинеттерінің оқу материалдық базасын нығайту.
- Жазба жұмыстарға бірыңғай талаптардың орындалуын қадағалау.
- ҰБТ – ға, емтихан, пән олимпиадаларына дайындықты бақылау.
- Білім көрсеткіші төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың өтуін қадағалап отыру.
- Педагогикалық басылымдардағы озат іс – тәжірибелерді талдау, оқып – үйрену.
- Бірлестік ұстаздарының тест жинақтарын, оқу – әдістемелік құралдарын немесе авторлық бағдарламаларын құрастырып, шығаруына ықпал ету.
- Ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында қалалық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жариялауды ұйымдастыру.
- ҰБТ және ОЖСБ сынақтарын ойдағыдай тапсыру үшін оқушыларға қиындық тудыратын сұрақтар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
Өткен оқу жылының қорытынды есебі
Бірлестік мүшелері жайында толық мағлұмат