Бейсенбі, 21.11.2024, 11:14
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 197



Мектеп тарихы

1996 жылы (№441 А-П) №20 аралас мектебі қазақ мектебі болып қалыптасты. 1996-1997 оқу жылында мектеп директоры болып Құсманов Әлібек Әнуарбекұлы тағайындалды. 1996 жылы мектепте небәрі 382 оқушы, 20 мұғалім болса, 2006-2007 оқу жылында 1466 оқушы, 109 мұғалімге дейін өсті.

Мектебіміздің құрылған кезден бастап-ақ өзінің бағыт-бағдарын, бет-бейнесін анықтап алуы, білім мен тәрбиені, тіл мен өнерді қатар өрістетіп отыруы ата-аналардың өз балаларын мектепке беру үрдісін жыл өткен сайын арттыра түсті.

1997-1998 оқу жылында қазақ тілі мен математика пәндерінен кеңейтілген бағдарламамен оқытылатын сыныптар ашыла бастады. Мектеп жағдайын ескере отырып, математика бағытындағы сыныптар үшін базистік оқу жоспарының «Математиканы ілімдік және тәжірибелік тереңдетіп оқытуға арналған» №7, гуманитарлық - эстетикалық бағытта оқытылатын сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиетін ілімдік және тәжірибелік тереңдетіп оқытуға арналған» №4 және «Эстетикалық бағытта оқытуға арналған» № 26 нұсқаларына сәйкес жоспарланды.

2000 жылы мектебіміз Ахмет Байтұрсынов есімін алды. Бүкіл саналы ғұмырын халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға арнаған, «Жұрттың қай керегіне жараймын» деп, тіл білімі, әдебиет теориясы, қазақ терминологиясының негізін қалаған, «Қазақ» газетінің редакторы ретінде қоғам қайраткері атанған, ұлт тағдырын жырлап, Крыловтың мысалдарын аударған, ауыз әдебиет үлгілерін жинап, «Алаш» партиясын ұлттың ұлы Ұстазы Ахмет Байтұрсынов есімінің біздің мектепке берілуі—тарихи оқиға еді.

2002 жылдың 17 қыркүйегінен қалалық білім беру басқармасының №244-П бұйрығынан А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебіне «Мемлекеттік тілде оқытатын гуманитарлық—эстетикалық дамыту бағытындағы А.Байтұрсынов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік статус  берілді. Осыған орай, риторика, бейнелеу өнер, би, көркем еңбек, мәдениет тарихы, этика және таңдау курстары бойынша логика, ағылшын тілі, тарих, география, өнертану пәндері оқытылып, эстетикалық сыныптар тереңдетілді.

2003 жылы мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің сынақ алаңына кіріп, эксперименттік сыныптар ашыла бастады. Осы жылы А.Байтұрсынов атындағы мектеп мұражайы ашылды (Төлқұжат).

2004 жылы ағылшын тілін оқытатын модульдік, саз өнері пәнінен «Мұрагер» бағдарламасы бойынша эксперимент сыныптары ашылды (№487-П).

Мектебімізде гуманитарлық-эстетикалық дамыту бағытында риторика, музыка, ритмика, бейнелеу өнері, көркем еңбек, мәдениет тарихы, этика, таңдау курстары бойынша логика, ағылшын тілі, тарих, география, өнертану пәндері оқытылады. Сыныптан тыс үйірмелер: «Айналайын» би үйірмесі, «Мұрагер» домбыра үйірмесі, хор, «Жас әнші» вокал, «Бейнелеу өнері», «Сөз зергері» мәнерлеп оқу, «Қуыршақ» театры, «КТК», дебат, «Қарагөз» драма үйірмесі—оқушылардың жан-дүниесін баурап, олардың нәзік өнер сырларына, жан-жақты мәдениетке, құдіретті сөз өнеріне баулып отыр.

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Карибжанов Ж.С бұйрығы бойынша (№395-П) мектебіміздің жарты ұжымы №16 орта мектебіне көшірілді. Осы оқу жылы №20  орта мектебінің директоры болып Мукушева К.Б тағайындалды.

2008 жылы Медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысының және ата-аналар өтініштерінің негізінде мектебімізде түзете-дамыта оқытудың бірінші және екінші сыныптары ашылды (№698-Ө).

2011 жылдың 23 желтоқсанынан бастап (№14452) мемлекеттік мекемелерді қайта атау және олардың Жарғыларына өзгертулер енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігінің қаулысы бойынша мектебіміз Өскемен қаласы әкімдігінің "А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

2011 жылы мектебімізде  КИД "Достық клубы" ашылды. 

2012 жылы  (№318) ағылшын тілі пәнін эксперимент ретінде бірінші сыныптан оқыту енгізілді. Соған байланысты мектебімізде 1 -сыныптан ағылшын тілін оқытуды енгізуге арналған жұмыс жоспары жасалып, 3 топқа бөлу қарастырылды.


Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Қазан 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2024
Бесплатный хостинг uCoz