Оқушы міндеттері
1. Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
2. Мектептің ішкі ережесіне сәйкес бірыңғай оқушы формасын сақтауға;
3. Өз пікірін еркін білдіруге;
4. Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысуға;
5. Білім алушылар мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары көлемінде білімді меңгеруге, оқушы ережесін сақтауға;
6. Оқушылар сабақтарды босатпауға, оқу жоспарында көзделген тапсырмаларды белгіленген мерзімінде орындауға;
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, халық дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
Ұл балалар үшін:
• Өз тегін ғасырлар бойы сан мыңдаған сындардан
өтіп, өзінің қасиетін, тарихын, мәдениетін, тілін сақтап, біз жеткізе білген
қонақжай, мейірбан, өнерлі, жауынгер. Халық - қазақ екеніңді ұмытпа!
• Қасиетті халқымыздың атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдеп -ғұрыптарын қастерлеу, дәріптеу, насихаттау ата – бабамыздың аманаты екенін есте сақта.
• Ана тіліңді ардақта.
• Ел қамын ойлайтын жақсы азамат болу үшін білім жолына түс.
• Ұлтшыл болма, ұлтжанды бол, өзге ұлтты қадірле, өз ұлтыңды ардақта.
• Анаңды ардақта, әкеңді құрметте. Қыз болашақтың анасы, қыз баланы сыйла.
• Арақ пен есірткі - азаматтың жауы, халықтың, қоғамның дұшпаны жат қылықтардан бойыңды алыс ұста.
• Салауатты өмір сүр. Спортпен шұғылдан.
• Көпшілік ортада өзіңді сыпайы, мәдениетті ұстауға тырыс.
• Достарыңа қайырымды бол, кемшіліктерін көріп түзеуге көмектес.
• Өз өлкеңді, табиғатыңды аяла.
• Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік заңдарын құрмет тұт.
• Отан алдындағы борышыңды абыроймен өтеуге даярлан.
• Мектеп жарғысын қатаң сақта.

Қыз балалар
үшін
• Тәуелсіз
мемлекетіміздің гүлденуі үшін, халқыңа адал қызмет етем десең, тұла бойыңа
білім жина.• Қазақ қызы инабатты, биязы, қарапайым және мейірімді. Осы қасиеттерді өз бойыңа жинауға тырыс.
• Көпшілік ортада өзіңді сыпайы, әдепті, мәдениетті ұста.
• Қыз -елдің көркі, гүл -жердің көркі, - дегендей өзіңнің сыртқы бейнеңе, жүріс-тұрысыңа жарамды және қарапайым киінуге назар аудар.
• Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдан. Салауатты өмір сүруге ұмтыл. Темекі, ішімдік, нашақорлықтан аулақ бол!
• Ата-ана, ұстаздарыңды құрметте. Олардың сенімін ақтауға тырыс.
• Қоғамдық жұмыстарға белсене аралас. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
• Ең қымбатты қыз – еңбекқор қыз, дүниедегі ең сұлу әйел – еңбекқор әйел. Еңбекқор адам елге сүйкімді, жанұяға сыйлы.
• Үлкенді сыйла, кішіге қамқоршы бол.
• Ұл баланы, ер баланы сыйла. Ол баланың әкесі, келешек ұрпақтың атасы.
• Жеке бастың гигиенасын бұлжытпай орында.
• Мемлекеттің рәміздерін, заңдарын құрмет тұт.
• Мектеп жарғысын қатаң сақта.