Жексенбі, 29.06.2025, 20:02
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 201



Әдістемелік кеңес

1  2  3
Ж.А.Қараевтің  "Деңгейлеп саралап оқыту" технологиясы
(эдістемелік кеңес)

Оқыған: бастауыш сынып мұғалімі Акиева А.Б

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін -бүгінгі мектеп оқушылары, мүғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазакстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай, соңғы кезде окытудың әр түрлі педагогикалық технологиалары жасалып,мектеп тәжірибесіне енгізілуде.Сондай технологиялардың бірі- саралап деңгейлеп оқыту технологиясы. Саралап оқыту-оқылатын ақпараттың азаюы ғана емес, оқушыларға қойылатын талаптың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, бастауыш сыныптардың қазақ тілі пәнінің З және 4 сыныпқа арналған жаңа буын оқулыктарымен жұмысты үйымдастырудағы оң нәтижеге жету жолдарының бірі-деңгейлеп оқыту тәсілі деп ойлаймын. Бұл деңгейлік оқытудың тапсырмалары туралы мағұлматтар профессор Жауынбай Қараевтың еңбектерінде толық берілген.

Бұл технологияның мақсаты - әрбір оқушының өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету, қарапайымнан күрделіге бағыттау.

Оқушылардың барлығы жақсы оқығысы келеді. Бірақ, олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламада берілген материалды меңгерулері бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері жаңа тақырыпты тез ұғады, кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі.

Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясында - мүмкіндік және міндетті деңгейлер көрсетілген. Қараев бұл мүмкіндік деңгейлерді 4-ке бөледі.

1-ші міндетті
Білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайды.
2-ші алгоритмдік
Тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі, мұғалімнің түсіндіруімен, қабылданған ақпаратты пайдаланып отырып орындайды

3-ші эвристикалық

Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерден жауап береді, оқушылардың ой белсенділігі артады.
4-ші шығармашылық

Таза өзіндік шығармашылығы

Осы деңгейлік сатыдағы оқушыларға өз деңгейіне тән тапсырмалар беріледі, талаптар қойылады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жүмысы болып табылады.
Өздіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.

Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Маусым 2025  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2025
Бесплатный хостинг uCoz