Сәрсенбі, 23.07.2025, 14:50
Қош келдіңіз Гость | RSS

Мәзір
Біздің сұрақтар
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 201



Әдістемелік кеңес

1  2  3

Сарамандық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау       

А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Абзелеева К.А

Түсініктеме хат

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығын оқытуда көмекші құрал болып табылады. Құрлымы мен мазмұны бағдарлама мен  жаңа буын оқулығының тұжырымдамасына сәйкес құрастырылған.  Әдістемеліктің негізгі мақсаты: оқушыларға ғылыми-географиялық ұғымдар мен заңдылықтар жүйесін түсіндірудің мүмкіндігін кеңейту. Мектеп бағдарламасында географиялық білімнің ғылыми түсінігін кеңейтуге басты назар аударылған. Сондықтан да 8-сыныптағы географияның зор практикалық бағыттылығы және өлкетану материалын пайдалану үшін көптеген мүмкіндіктер бар.

Практикалық жұмыстар  мынаны қамтиды:

·   Географиялық карталармен жұмыс;
·   Әртүрлі диаграммалар сызу, кестелер толтыру;
·   Эссе жазу;
·  Қосымша деректермен жұмыс;
·  Талдау;
·  Салыстыру, қорытындылау;

Өзінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасайтын әрбір мұғалімге әдістемелік нұсқауды оқулықпен, көрнекі құралдармен тығыз байланыстыра отырып, шығармашылық сипатта қолдануды ұсынамын.
Сарамандық жұмыстарды жоспарлау. Барлығы: 10 сағат

р/с

Сарамандық сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Қазақстанның әлем картасындағы орны.

1

2

Ш.Ш. Уәлихановтың зерттеу бағыты мен П.П. Семеновтың Тянь-Шаньға саяхатын кескін картаға түсіру.

1

3

Тектоникалық құрылымдар мен кен орындарын кескін картаға белгілеу.

1

4

Карта бойынша ауа массаларынын қозғалысын температурасы мен жауын – шашынның таралуын анықтау.

1

5

Қазақстан аумағының су ресурстарынын қамамасыз етілуіне баға беру.

1

6

Қазақстанның топырақ түрлеріне кесте құрастыру, оған талдау жасау.

1

7

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.

1

8

Тақырыптық карта бойынша табиғи зоналарға жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру.

1

9

Кескін картаға Қазақстанның ірі табиғи аудандарын түсіру.

1

10

Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.

1


№1 Сарамандық жұмыс. Қазақстанның әлем картасындағы орны.
Мақсаты: Әр түрлі ақпараттық мәліметтер негізінде экономикалық-географиялық сипаттама құрастыруға дағдыландыру. Талдау қорытындыларын картографиялық әдістер арқылы кескін картаға бейнелеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның физикалық картасы , дүниежүзінің саяси картасы,      оқулық мәтіні.
Жұмыстың орындалу барысы
: 
1) Қажетті әдебиеттер көмегімен ҚР географиялық орнына сипаттама беру.
2)  Мемлекеттік шекараны белгілеу.
3) Кескін картаға Қазақстанның көршілес елдерін белгілеу.
4) Шеткі нүктелерінің географиялық координаталарын белгілеу.
5) Қазақстанның ГО-ң ерекшелігін қорытындылау, қысқаша дәптерге жазу.

№2 Сарамандық жұмыс. Ш.Ш. Уәлихановтың зерттеу бағыты мен П.П. Семеновтың Тянь-Шаньға саяхатын кескін картаға түсіру.
Мақсаты: Қазақ жері туралы ерте кездегі және орта ғасырлардағы зерттеулер туралы білімді қалыптастыру. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу туралы деректерді жинақтау.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның физикалық картасы, оқулық мәтіні, кескін карта, қосымша әдебиеттер.
Жұмыстың орындалу барысы:
1) Қазақ жерін ертедегі зерттеушілер еңбегі.
2) Ш.Уәлихановтың , П.П. Семеновтың зерттеу бағыттарын оқып үйрену.
3) Зерттеушілер саяхатын кескін картаға түсіру.
4) Қорытынды жазу.

№3 Сарамандық жұмыс. Тектоникалық құрылымдар мен кен орындарын кескін картаға белгілеу.
Мақсаты: Пайдалы қазбаларды шаруашылыққа пайдалану туралы түсініктерін кеңейту. Физикалық картамен және тақырыптық картамен жұмыс істеу икемділігін дамыту.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық, геологиялық карталары, кескін карта, оқулықтың 76- бетіндегі карта, әртүрлі минералдар үлгілері.
Жұмыстың орындалу барысы:
1) Кен орындарының таралу аймақтары мен тектоникалық құрылымының арасындағы байланысты көрсету.
2) Пайдалы қазбалар топтарын және тектоникалық құрылымдарды  кескін картаға белгілеу.
3) Пайдалы қазбаларды өңдеу әдістері және экологиялық тұрғыдан жер қыртысына келтіретін зардаптары.
4) Жергілікті жердегі пайдалы қазбалар түрлері.
5) Қорытынды жазу.

№4 Сарамандық жұмыс. Карта бойынша ауа массаларынын қозғалысын температурасы мен жауын – шашынның таралуын анықтау.
Мақсаты: Ауа райының элементтерін жүйелеу, синоптикалық карталармен жұмыс істеу икемділігін дамыту. Жергілікті жердегі ауа райының шаруашылықты игеруге әсерін болжау.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның климат картасы, оқулықтың 260- беттегі кесте,интерактивті тақта.
Жұмыстың орындалу барысы:
1) Ауа райы элементтеріне сипаттама беру.
2)   Қазақстандағы ауа массаларының, жауын-шашынның, ауа температурасының таралуын тақырыптық карталар бойынша анықтап, қалалардың ылғалдану коэффициентін есептеу.
3) Бір қаланың жауын-шашынның түсу мөлшеріне диаграмма сызу.
4) Атмосфералық құбылыстарды интерактивтік тақтадан көрсету.
5) Алған материалдарды жинақтап, қорытынды жазу.

№5 Сарамандық жұмыс. Қазақстан аумағының су ресурстарынын қамамасыз етілуіне баға беру.
Мақсаты: Жер бедері, климат және ішкі сулардың арасындағы байланыстары туралы түсінікті кеңейту. Өзен, көл, жерасты суларын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның физикалық картасы, оқулық, оқулыққа электрондық қосымша.
Жұмыстың орындалу барысы:
1) Тұщы су тапшылығының негізгі сенімдерін ажырату
2) Су ресурстарымен толық қамтамасыз етілген және су тапшылығы байқалатын аймақтарды анықтау.
3) Оларды шешу жолдарын кесте құру арқылы көрсету.

Өзен
Географиялық орны
Климатының ерекшелігі
Өзеннің қоректену түрі
Шаруашылық маңызы
Экологиясы
Қорытынды
 
№6 Сарамандық жұмыс. Қазақстанның топырақ түрлеріне кесте құрастыру, оған талдау жасау.
Мақсаты: Жердің құнарлы қабаты топырақтың орналасуына әсер ететін себептері туралы түсініктерін дамыту. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін жалғастыру.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның топырақ картасы ,негізгі ұғымдар жазылған слайд,
 топырақ түрлерінің үлгілері, оқулық.
Жұмыстың орындалу барысы:
1) «Топырақ», «Топырақ эрозиясы»,  «Мелиорация» ұғымдарына анықтама беру.
2) Топырақтану ғылымының негізін салған В.В. Докучаевтің еңбегімен қысқаша танысу.
3) Қазақстандағы топырақ түрлері кестесін құру:

Топырақ түрлері
Таралу аймақтары
Топырақты қорғау шаралары
 
4) Өз өлкеңнің топырағының құнарлылығын көтеру жолдарын анықтау,қорытынды жазу.

№7 Сарамандық жұмыс. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.
Мақсаты:  Өсімдіктер мен жануарлар түрлері, олардың таралуы туралы ұғымдарын кеңейту. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу икемділіктерін дамыту .
Көрнекі құралдар: Қазақстанның өсімдіктер картасы,оқулық,слайдтар,Энциклопедиялар, қызыл кітап.
Жұмыстың орындалу барысы:
Сынып оқушылар 2 топқа бөлінеді
1-топ: «Өсімдіктер дүниесі»,
2-топ: «Жануарлар әлемі» Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша
«Дөңгелек үстел» өткізу.
-Әр топ өз қалауымен қысқаша баяндама, тұсаукесер даярлайды.
-Құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар туралы мағлұмат жинап, оларды қорғауға өз үлесін қосады.
-Адамның шаруашылығының маңызды түрлерін бөліп көрсетеді.
-Жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарлар түрлері,қорытынды жасау.

№8 Сарамандық жұмыс. Тақырыптық карта бойынша табиғи зоналарға жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру.
Мақсаты:  Табиғат кешенін құрайтын компанеттер, олардың арақатынасын анықтау.
Табиғат зоналарының ауысу себептерін білу
Адамның табиғатқа әсерін, экологиялық проблемалардың туу себептерін шешуге дағдыландыру
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның табиғат зонасының картасы, оқулық мәтіні, өсімдіктер мен жануарлар атласы.
Жұмыстың орындалу барысы:
1)Табиғи зоналарға жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру:
а) географиялық орны;
ә) климаты;
б) топырағы
в) өсімдіктері;
г) жануарлары;
д) адамның іс-әрекеті, экологиялық проблемалар;
2) Табиғи кешен компоненттерінің өзара байланыстарының схемасын құрастыру, талдау жасау.

№9 Сарамандық жұмыс. Кескін картаға Қазақстанның ірі табиғи аудандарын түсіру.
Мақсаты: Жер бедерінің әртектіліктері туралы ойларын жүйелеу. Жердегі таулар мен жазықтықтардың негізгі ойларын белгілеу. Картамен жұмыс істеудің практикалық маңыздылығын меңгерту.
Көрнекі құралдар:  Қазақстанның физикалық картасы,оқулық, кескін карта,
Жұмыстың орындалу барысы:
1) «Жер бедері», «Жазық», «Тау» ұғымдарына түсінік беру.
2) Жер бедерінің картада бейнелеу әдістері.
3) Кескін картаға Қазақстанның ірі табиғи аудандарын түсіру.
4) Жер бедерінің уақыт ішінде өзгеруіне болжам жасау (қорытынды орнына)

№10 Сарамандық жұмыс. Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.
Мақсаты:
Алған білім мен дағдыны проблемалық жағдайларда қолдана білу икемділіктерін тексеру. Әр түрлі ақпарат көздерімен, оқулық мәтінімен, суреттермен, статистикалық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын байқау.
Көрнекі құралдар:
 Қазақстанның қорықтары энцеклопедиясы, электронды оқулық, слайдтар, Марқакөл қорығы, Рахман қайнарлары қорықшасы туралы қосымша әдебиеттер
Жұмыстың орындалу барысы:

Бұл тақырыпты әртүрлі ойын түрінде, тақырыптың проблемалық мәселелерін талқылайтын шағын конференция түрінде өткізуге болады.
  
Қазақстан территориясындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері
  
Қазақстандағы дүниеж
Іздеу


Кіру
Күнтізбе
«  Шілде 2025  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Қоңырау кестесі
Сабақтар
І ауысым
ІІ ауысым
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
8.00-8.45
8.50-9.35
9.50-10.35
10.50-11.35
11.40-12.25
12.30-13.15
13.30-14.15
14.20-15.05
15.20-16.05
16.20-17.05
17.10-17.55
18.00-18.45

Ресми сайттар


Статистика

Онлайндағылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Өскемен қаласы. 2025
Бесплатный хостинг uCoz